USD: 472.9 / 475.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Павлодарда күйшілер байқауы өтеді

Байқау екі кезеңнен тұрады.

Облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына орай «Жырларым елге мұра, ұрпаққа аманат» атты күйшілер байқауы ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Екі кезеңнен тұратын байқауға тек музыка мектептерінің оқушылары қатыса алады. 

"Бірінші кезеңде қатысушылар Дина Нұрпейісова "Тойбастар" күйін және Рүстембек Омаровтың репертуарынан бір күй орындауы тиіс. Қазылар алқасы қатысушыларды бағалауда сахна мәдениетіне, орындаушылық шеберлігіне, домбыраның дыбыс сапасына назар қоймақ", – деп жазылған хабарламада. 

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Оқи отырыңыз: Amanat депутаттары Ұлттық домбыра орталығын ашуды ұсынды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау