USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Медицина қызметкерлеріне қауіп төндірген азаматқа қатысты іс қозғалды.

Павлодар қаласында көшеде жатқан ер адамға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Оқиға салдарынан реанимобиль жүргізушісі жарақат алып, қызметтік көлікке зақым келтірілген, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға 10 маусым күні Назарбаев көшесіндегі №89 үйдің ауласында болған. Сағат 14:57-де 103 қызметіне көшеде жатқан ер адам туралы хабарлама түскен.

"Шақырту алған жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына тоғыз минут ішінде жеткен. Алайда науқастың жағдайын тексеру барысында белгісіз ер адам кенеттен агрессия танытып, медицина қызметкерлеріне пышақпен қорқыта бастаған. Жанжал кезінде күдікті жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін жұдырықпен ұрған. Кейін реанимобиль салонына кіріп, дәрі-дәрмек салынған ампулаларды сындырып, медициналық құрал-жабдықтарды сыртқа лақтырып жіберген", – делінген хабарламада.

Облыстық жедел жәрдем станциясы зардап шеккен қызметкерлердің құқық қорғау органдарына арыз жазғанын хабарлады.

Оқиғаға қатысты Павлодар облыстық полиция департаменті түсініктеме беріп, медицина қызметкерлеріне күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, мамандандырылған емдеу мекемесіне орналастырылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз