Павлодар облысының тұрғыны алаяқтарға 4,5 млн теңгесін аударып жіберген

Алаяқтар әйелді "арнайы операция жүріп жатыр" деп алдаған.

Күдіктілер "алаяқтарға қарсы арнайы операция жүргізіп жатырмыз" деген сылтаумен Павлодар облысы тұрғынының 4,5 млн теңгесін қолды қылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жәбірленушілердің бірі өзін күш құрылымдарының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Павлодар облысының полициясына жүгінді, – деді ПД басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов.

47 жастағы әйел "алаяқтардың әрекетін бақылау үшін ақшалай несие алу қажет екенін" айтқандарға сеніп, ойланбастан 1,5 млн теңгеге несие рәсімдеген. Бар соманы жалған қызметкер жіберген деректемелерге аударған. Кейін әйел жалған қызметкерлерден WhatsApp мессенджері арқылы несиенің "мерзімінен бұрын өтелгені" туралы құжатты PDF нұсқасында алды. Қағазда 1,5 млн теңге көлеміндегі "несиенің мерзімінен бұрын өтелгені" жазылған.  


Оқи отырыңыз: Телефон алаяқтары көбейді. Оларды қалай анықтауға болады?


Келесі күні әйел адам осы алаяқтарға әртүрлі банктен 1,9 млн және 1 млн теңге көлемінде несие рәсімдейді. Жалған қызметкердің өтініші бойынша әйел басқа банктен 1 миллион теңгеге тағы бір ақшалай несие алған. Барлық нұсқауды орындағаннан кейін әйел "қызметкерге" қоңырау шала бастайды. Алайда “мұндай нөмір жойылған” болып шығады.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісімен Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау үшін барлық шара қабылдануда.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары