Мұқтаж азаматтар қайырымдылық дүкенінен өзіне қажетті киім-кешек пен азық-түлікті тегін алады.
Солтүстік Қазақстандағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде қайырымдылық дүкені ашылды, деп хабарлайды ҚМДБ сайты.
Дүкеннің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.
"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты жеті бағыт бойынша атқарып келе жатқан жұмыстарының бірі – қайырымдылық. Ислам діні мұсылманды адамзат баласына, барша тіршілік иесіне мейірімді, қайырымды болуға үндейді. Мешіттегі қайырымдылық іс-шаралар адамдар арасындағы бауырмашылдықты арттыра түседі. Осы орайда мешіттер жанынан ашылған қайырымдылық дүкендері қажетті затты беруші мен алушы жандардың арасындағы мейірімділікті нығайтады деп сенемін", – деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, қайырымдылық дүкенінде күнделікті тұрмысқа қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер, киім-кешектер бар. Мұқтаж азаматтар қайырымдылық дүкенінен өзіне қажетті киім-кешек пен азық-түлікті тегін алады. Қайырымдылық дүкеніне киім-кешек пен азық-түлік өткізуге болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Бостандық ауданында өрт орнынан 4 адамнан тұратын отбасы құтқарылып, 70 адам эвакуацияланды
-
280
-
0
-
0
-
-
2Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
-
295
-
0
-
0
-
-
3Қайырлы таң!
-
223
-
0
-
10
-
-
4Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту
-
202
-
0
-
2
-
-
52024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
182
-
0
-
2
-
-
6💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
162
-
0
-
1
-
-
7Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
127
-
0
-
0
-
-
8🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
120
-
0
-
0
-
-
9🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
84
-
0
-
0
-