Павлодар облысында бастауыш сынып оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқыту режиміне ауыстырылды. Өңірлік Білім басқармасы осыған байланысты ресми мәлімдеме жасады.
"Павлодар облысының барлық мектебінде 2025 жылғы 11 қараша күні 1-ауысымдағы мектепалды даярлық топтары мен 1-4 сынып оқушыларының сабақтары ауа райының қолайсыздығына байланысты (температура 0-5°С, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, көктайғақ) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар барлық мектепте оқушыларды тасымалдау тоқтатылады.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07