Павлодар облысы полициясының экс-басшысы Мәсімовке іздеу жарияланды

Оған аса ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылған.

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады. Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.


Оқи отырыңыз: ҰҚК: Мәсімовтің тергеу изоляторындағы жағдайға шағымы жоқ


Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз