Тікелей эфир

Павлодар белсенділері Ленин мүсіндерінің орнына Алаш көсемдерін бейнелеуді ұсынды

Бір Ақсу қаласының өзінде кеңестік күн көсемнің 21 ескерткіші бар.

31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының орталық саябағында Лениннің 10 бірдей бюсті сақталған.

 

Оларды идеология тұрғысынан әбден ескірген дүниелер деп атаған қоғам белсенділері олардың орнына елдің даңқты тарихи тұлғаларын бейнелеуді ұсынды. Мәліметтерінше, бір Ақсу қаласының өзінде кеңестік күн көсемнің 21 ескерткіші ба екен. Павлодар қаласында да Ленин мүсіндері жеткілікті.

Ақсу қаласы әкімдігінің мамандары аталған ескерткіштердің ешқандай мемлекеттік маңызы жоқ екенін мойындап отыр. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ауылдардан жиналған мүсіндер саябаққа орналастырған. Олар тіпті мемлекеттік мекеме балансында емес. Соған орай көне ескерткіштерді құлату жұмыстары 2023 жылға жоспарланған. Сонымен бірге аумақ та абаттандырылады.

"Бұл ескерткіштер тоқсаныншы жылдың басында Ақсу ауылдық аймағының барлық елдімекендерінен жиналып әкелінген. Мұның ешқандай мемлекеттік маңызы жоқ. Тек саябақ аумағында орналасқандықтан жыл сайын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізіледі", – деді Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанатбек Байманов. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда неге дәстүрлі құндылықтар басым? Сарапшылардың пікірі


 

Серіктестер жаңалықтары