ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы туралы пікір білдірді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Парламентті реформалау Сенатты таратуға емес, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталғанын еске салды. Мемлекеттік құрылысымыздың "Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет" басты формуласы өзгеріссіз қалады", – деді Ерлан Қарин.
Ол Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның шамамен 40 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болатын айтты. Сондай-ақ шамамен 10 Конституциялық заңға және 50 кодекс пен заңға өзгерістер енгізу талап етіледі.
"Жұмыс тобының міндеті – Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сол ұсыныстардың негізінде Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасы дайындалып, кейін республикалық референдумға шығарылады. Мемлекет басшысы атап өткендей, түптеп келгенде алдағы өзгерістер мен толықтырулардың ауқымы жаңа Конституция қабылдағанмен бірдей", – деді Мемлекеттік кеңесші.
USD:
506.5 / 509.5
EUR:
590.0 / 595.0
RUB:
6.47 / 6.59