Тікелей эфир

Пандемия кезінде Қазақстаннан алтын ұрлаған шетелдік азамат Бакуден елге экстрадицияланды

Астана соты оның сыбайластарын бір жарым жыл бұрын жазалаған.

Әзербайжан полициясы қазақстандық әріптестеріне алтын контрабандасын табуға көмектесті. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Әзербайжаннан Түркия азаматын экстрадициялады.

"Ол 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан деп күдіктеледі. Осы қызметтің нәтижесінде мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп жазылған хабарламада.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктерді ұстады


Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында Астана қаласының сот осы трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамды түрлі жаза түрлеріне соттап, олардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алған.

Серіктестер жаңалықтары