USD: 470.1 / 472.7
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.53 / 5.65
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Өткен жылы қазақстандықтар мұражайға 6 млн рет барған

Жыл басынан бері барлығы 271 мұражай жұмыс істеп келеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар 2022 жылы мұражайларға 6,1 млн рет барған.

"Мұражайларға барушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 1492 мың, Астанада – 643 мың және Шығыс Қазақстан облысында – 564 мың келуші. Барушылардың саны Шымкент қаласы бойынша аз – 43 мың көрермен болып отыр. Қалада 5 мұражай бар", – делінген ақпаратта.

Жыл басынан бері барлығы 271 мұражай жұмыс істеп келеді. Оның ішінде  – 48 тарихи, 109 өлкетану, 65 мемориалдық, 14 қорық мұражай, 11 өнертану және т.б. мұражай бар. 

"Мұражайлар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 27 мұражай, Ақтөбе облысында 20 мұражай және Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әрқайсында 19 мұражай бар. Мұражайларда барлығы 2,6 миллион экспонат сақтаулы", – делінген ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау