USD: 469.1 / 471.9
  • EUR: 547.5 / 552.5
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Өткен жылы этникалық қазақтардың 76 пайызы Өзбекстаннан оралды

1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 87,8 мың этникалық қазақ келген.

2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылы Қазақстанға келген қандастардың:

  • жартысынан астамы (76,2%) Өзбекстаннан;
  • 9,7% – ҚХР-дан;
  • 6% – Түркіменстаннан;
  • 2,6% – Моңғолиядан;
  • 5,7% – басқа елдерден келген.

Оқи отырыңыз: "Қолдан ашаршылық жасалып жатыр". 2021 жылы қазақ тілінде тараған ТОП-10 фейк


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (19%), Түркістан (13%) және Жамбыл (7,8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,5%) қаласына қоныстанды.

Осы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары білімі, 40,1%-ының орта кәсіби білімі, 45,6%-ының жалпы орта білімі бар және 3,1%-ының білімі жоқ.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз