Өте ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін – Оксфорд ғалымдары

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Ғалымдары Ұлыбританиядағы 980 мың адамның дерегін талдаған.

Ұлыбританияда жүргізілген ірі зерттеу өте ыстық шай мен кофе ішу өңештің жалпақ жасушалы обырының қаупін арттыруы мүмкін екенін көрсетті. Зерттеу International Journal of Cancer журналында жарияланды, деп жазды The Guardian.

Оксфорд университетінің ғалымдары Ұлыбританиядағы 980 мың адамның дерегін талдап, соңғы 14 жылдағы денсаулығын бақылаған. 

Нәтижесінде сусынды өте ыстық күйінде ішетін адамдарда өңештің жалпақ жасушалы обырының даму қаупі жылы сусын ішетіндерге қарағанда шамамен үш есе жоғары екені анықталған. Ал күніне алты немесе одан көп ыстық сусын ішетіндерде бұл қауіп 71%-ға жоғарылаған. 

Зерттеуді Оксфорд университетінің аға тағамтану эпидемиологы Керен Папье басқарған. Ғалымдар сусынды нақты температурамен өлшемеген. Қатысушылар оның температурасын "өте ыстық", "ыстық" немесе "жылы" деп өздері бағалаған. Бұл зерттеудің негізгі шектеулерінің бірі. 

Зерттеушілер ыстық сусынды бірден ішпей, қолайлы температураға дейін суытуды ұсынады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау