"Отбасыңды өлтіремін". Бұрынғы сүйіктімнен қорлық көрдім деген алматылық әйел көмек сұрайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қорлық көрдім деген әйел полициядан қорғау сұрады.

Алматы тұрғыны бұрынғы сүйіктісінен жапа шеккенін айтып, құзырлы органдардан көмек сұрады. Жәбірленушінің сөзінше, ер адам оны бірнеше рет соққыға жығып, қорлап видеоға түсірген және үнемі қоқан-лоққы көрсетіп келген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жәбірленуші Карина Әбенованың айтуынша, күдікті оны аңдуды әдетке айналдырып, "отбасыңды өлтіремін" деп қорқытқан. Сондай-ақ әлеуметтік желі арқылы да қысым көрсетуді тоқтатпаған.

Әйелдің сөзінше, күдікті өзін ақтап алатын таныстары барын айтып, жазадан құтылып кететінін меңзеген. Сонымен қатар ол қарым-қатынас кезінде кеткен шығындарын қайтаруды талап етіп, жәбірленушіден ақша мен мүлік алған.

Оқиғаға қатысты Түркістан мен Алматыда екі бірдей қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктіге іздеу жарияланған.

Салтанат Әзірбектің мәліметінше, күдікті еліміздің оңтүстік өңірінде болуы мүмкін.

"Күдікті міндетті түрде ұсталып, жауапкершілікке тартылады", – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда "сталкинг" – яғни адамды аңду, мазалау, қорқыту – қылмыстық құқықбұзушылық ретінде қарастырылады. Бұл үшін айыппұл, қоғамдық жұмыс немесе қамау жазасы көзделген.

Алайда жәбірленуші күдіктіні тек осы баппен ғана емес, сонымен қатар бопсалау, қорқыту, ұрып-соғу және ұлтаралық араздықты қоздыру деректері бойынша да жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз