Тікелей эфир

Отбасындағы зорлық-зомбылық: енді полицияға жаңа өкілеттер берілуі мүмкін

Елімізде әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған бірқатар нормалар әзірленді.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұсынған заң жобасында жәбірленушінің мәлімдемесін күтпей-ақ, қорқыту немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері болған жағдайда уәкілетті органдарға алдын алу шараларын қабылдау құқығы берілмек, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Заң жобасына отбасы жағдайында ұрып-соғу немесе басқа да әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу, әйелдердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілсе де қылмыстық жауапкершілікке тарту, жәбірленуші мен баланы емес, агрессорды үйден шығару, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттау мен өзін өлтіруге итермелеу сияқты бірқатар жауапкершілікті енгізуді көзделген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қамауға алынғандар саны артты


Бұдан бөлек, балаларды жолаушылар көлігінен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салу, педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, балалар үйлері, мектеп интернаттары мен қарттар үйі сияқты орындарға күтпеген жерден тексеріс жасау туралы нормалар енгізілу қажет екені жазылған.

Серіктестер жаңалықтары