Отбасы банкі мен Halyk Bank сервистері уақытша істемей тұр

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Банктер мобильді қосымшаларды уақытша тоқтатты.

"Отбасы банк" өз бөлімшелерінде, мобильді қосымшасында және Baspana Market платформасында операциялар уақытша қолжетімсіз екенін хабарлады.

Банктің мәліметінше, қазіргі уақытта техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаржы ұйымы өкілдерінің айтуынша, жүйені жаңарту жұмыстары жоспарланған уақыттан ұзағыраққа созылған. Сонымен қатар байланыс орталығының (контакт-центр) қызметі де уақытша тоқтатылған.

"Біздің мамандар барлық жүйе мен операциялардың мүмкіндігінше тезірек қайта іске қосылуы үшін жұмыс істеп жатыр. Қызметтер толық қалпына келген сәтте міндетті түрде хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген банктің хабарламасында.

Сонымен қатар Halyk Bank те техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Осыған байланысты банктің мобильді қосымшасы уақытша қолжетімсіз.

Қаржы ұйымдары қызметтер қалпына келген соң қосымша ақпарат беретінін жеткізді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары