48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 емес, бір еселік мөлшерде алынады.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстанның барлық өңірінде жүк тасымалдаумен байланысты айыппұл, алым және төлемдерді алып тастады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
"Шешім "Темір жол көлігі туралы" заңы аясында, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының үндеуін ескере отырып қабылданды", – делінген хабарламада.
Атап айтқанда:
- жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін айыппұл салынбайды;
- жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагон иелерінің кінәсінен болған, меншікті (жалға алынған) вагондардың бос тұрғаны, магистральдық, станциялық жолдарда контейнерлердің кідіргені үшін төлем алынбайды.
Бұдан өзге, форс-мажорлық жағдайларға байланысты жүк алушыларға жүктің межелі станцияға келгені туралы хабарланған сәттен бастап 48 сағаттан артық тұрып қалған жүктерді сақтағаны үшін алым 10 еселік емес, бір еселік мөлшерде алынады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
183
-
0
-
0
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
173
-
0
-
0
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
159
-
0
-
1
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
78
-
0
-
1
-