Отандық әуе компаниясы Атыраудан Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстер санын арттырады

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Жазғы маусым уақыты – 30 наурыз бен 26 қазан аралығы.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Атыраудан Мысырдың танымал курорты – Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстердің жиілігін арттырады, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі. 

30 наурыздан 26 қазанға дейінгі аралықта компания ұшақтары келесі уақыт жиілігімен ұшады: 

  • 30 наурыз бен 3 мамыр аралығында – аптасына бір рет, сәрсенбі күндері;
  • 3 мамырдан 2 маусымға дейін – аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері;
  • 2 маусымнан 25 тамызға дейін – аптасына үш рет, дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері.

Айта кетейік, Шарм-эль-Шейх туристер арасында жылы климатымен, құмды жағажайларымен және таңғажайып су асты әлемімен танымал. Қазақстан азаматтары үшін бұл бағытта жеңілдетілген визалық режим қарастырылған. Қазақстандықтар Шарм-эль-Шейхте 13 түнге дейін визасыз саяхаттай алады.


Оқи отырыңыз: "Темірқазық": Наурыз қарсаңында FlyArystan әуе флотына жаңа ұшақ қосылады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз