Өскеменде жас жігіт автобуста оқушы қыздарға тиіскен кісіні соққыға жықты

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay
Қоғамдық көліктегі жанжалдан кейін қауіпсіздік мәселесі көтерілді.

Өскемен қаласында автобус ішінде жолаушыларды шошытқан ер адамның жеке басын полиция анықтауға кірісті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлікке мінген азамат оқушы қыздарға тиіскен. Қорыққан жеткіншектер аялдамасына жетпей автобустан түсіп қалуға мәжбүр болған.

Оқиға әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін кеңінен талқыланды. Кадрлардан бір жасөспірімнің ер адамға қарсы шығып, оны тоқтатуға тырысқаны көрінеді. Желі қолданушылары оның батылдығына жоғары баға берді.

Алайда куәгерлердің айтуынша, автобус ішінде болған басқа жолаушылардың ешқайсысы араша түспеген.

Осы жағдайдан кейін қала тұрғындары қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті күшейту қажеттігін айтып отыр. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз