Тікелей эфир

Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол берген адамдар анықталады

Үкіметтік комиссия 10 жұмыс күні ішінде тергеу жүргізеді.

Мемлекеттік органның қызметкерлері "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтау үшін тергеу жүргізеді, деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ аумағында өрт салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу үшін премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды.

Комиссия құрамына төрағаның орынбасары болып еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов, басқа да орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдігінің, жұмыс берушілердің және жұмыскерлер кәсіподағының өкілдері енгізілді.

Сонымен қатар комиссия келтірілген залалдың көлемін белгілеп, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Айта кетейік, комиссия жұмысты 10 жұмыс күні ішінде аяқтайды. Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Серіктестер жаңалықтары