Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазын оқу кестесін жариялады.
Астана, Алматы және Шымкент қалаларында айт намазы 30 наурызда сағат таңғы 7.00-де оқылады.
Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, қайырымдылықтың мерекесі саналады.
Ораза айт мерекесін мұсылмандар алғаш рет хижраның екінші жылы – 624 жылы атап өткен. "Айт" сөзі – жыл сайын қайта келетін мейрам, мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту деген мағынаны білдіреді. "Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайтымы бар" деген сөз бекер айтылмаса керек.
Оқи отырыңыз: Айт намазы қашан және қалай оқылады?
USD:
462.1 / 464.9
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07