USD: 475.7 / 479.7
  • EUR: 556.0 / 561.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Оралда самбодан әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған турнир өтеді

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы
Жарыс 27-28 мамырда "Жайық Арена" спорт кешенінде болады.

Оралда самбодан әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдодан ересектер арасындағы дәстүрлі ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлады БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Ширек ғасырлық тарихы бар палуандар жарысын соңғы екі жылдан бері дзюдо күресінен өтіп келеді.

Оралды дүбірге бөлейтін жарыс бүгінде халықаралық деңгейдегі беделді спорттық бәсекелердің біріне айналды. Турнир жыл сайын ауқымын кеңейтіп, жас спортшылардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын маңызды алаң ретінде бағаланып келеді.

Биылғы турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен бөлек, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан келген спортшылар қатысады. Екі күнге созылатын татами шеберлерінің тартысты бәсекесінде 200-ге жуық палуан 14 салмақ дәрежесінде өзара мықтыларды анықтайды.

Дәстүрлі жарыс жас дзюдошыларға тәжірибе алмасып, халықаралық деңгейдегі шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, турнир талантты спортшыларды анықтап, олардың үлкен спорттағы болашағына жол ашатын маңызды дода саналады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз