Тікелей эфир

Оралда дәмхана үйінділерінің астынан үшінші адамның мәйіті табылды

Жұмысты қираған құрылымдардың көптігі қиындатады.

Оралда түнде газ жарылуы салдарынан опырылып құлаған дәмхананың қирандыларының астынан қаза тапқан үшінші адамның денесі табылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар қаза тапқан үшінші адамның мәйітін тауып алып шықты. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Қираған үйінділердің көптігі жұмысты қиындататыны атап өтілді. Ғимараттың төбеден салбырап тұрған бөліктері құтқарушыларға қауіп төндіреді, ғимарат толығымен бөлшектелуде.


Оқи отырыңыз: Оралда газ жарылып, дәмхана қирады: зардап шеккендер бар


Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық қызмет, барлығы 190 адам мен 50-ден астам техника жұмылдырылды. Зардап шеккендердің туыстары мен зардап шеккендерге де психологиялық көмек көрсетіледі.


Оқи отырыңыз: Орал дәмханаcындағы жарылыс: үйінді астынан екі мәйіт табылды


Еске сала кетсек, Оралда түнде Сырым Датов, 52 мекенжайындағы Rizyq дәмханасының екі қабатты ғимараты опырылып құлады.

Серіктестер жаңалықтары