Оралда "Auyl Sport – 2025" өңірлік лигасы басталды

Бүгін Орал қаласында ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға бағытталған "Auyl Sport – 2025" өңірлік лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жоба ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыру, олардың спорттық дағдыларын дамыту және жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында ұйымдастырылған.

Салтанатты іс-шараға Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов пен спорт саласының ардагері Қамбарбек Сәлімов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Лига шеңберінде жарыстар 6 спорт түрі бойынша өтуде:

🥊 Бокс
🤼‍♂️ Еркін күрес
🏀 Баскетбол
🏐 Волейбол
♟ Шахмат
🏓 Үстел теннисі

Жарысқа Батыс Қазақстан облысының 12 ауданынан келген 456 қатысушы қатысуда. Олардың қатарында Ақжайық, Бәйтерек, Бөкей Ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау аудандарының жас спортшылары бар.

Айта кетсек, өңірлік лига жеңімпаздары республикалық деңгейде өтетін "Auyl Sport – 2025" финалдық кезеңіне жолдама алады.

Жарыс 5 қазан күні өз мәресіне жетеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары