Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Оралда тұрғындарды тұрмыстық техника алып беремін деп алдаған 1991 жылғы әйел адам екі айға қамалды, деп хабарлайды қаланың мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі.
"Сот ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес Орал қаласы прокурорының бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қанағаттандырды. Әйел адам 2023 жылдан бастап арзан бағада тұрмыстық техника алғысы келетін адамдармен байланысқан. Кейін оларды 123 млн 994 370 теңгеге алдағаны белгілі болды", – делінген хабарламада.
Дәл қазір әйелге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: Полициядағы орта буын басшылары жаппай тексеріледі