Тікелей эфир

Оқушыларға полиция қызметкерлері сабақ береді

Оған білім беру ұйымдарының өкілдері де, құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысады.

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында Ішкі істер министрлігі өкілдерімен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты сабақ өткізеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Қыркүйектің басынан бастап 5 мыңнан астам полиция қызметкері мектептерге барып, профилактикалық сабақтарды бірлесіп өткізеді. Бұған мұғалімдер, директордың орынбасарлары және директорлар белсене қатысады. Оқу жылының басында ішкі істер органдарынан мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтіп, қажет жерлерге арнайы жол белгілерін қойып, алдын алу шараларын жүргізуді сұраймыз. Барлық мектеп автобустарын, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерін тексеруді аяқтау қажет. Бұл жұмысты бірлесіп атқарамыз деп ойлаймын", – деді Оқу-ағарту министрі.


Оқи отырыңыз: "Сүріп тастау керек". Түркістан облысында оқушылар апатты мектепте білім алуға мәжбүр


Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов мектеппен жұмыс істейтін кәсіби күзет агенттіктеріне қойылатын талап пен тәжірибелі қызметкерлердің жиі ауыспауы және мектептің ерекшеліктерін білуі үшін оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету туралы да айтты.

"Біз бұл мәселелерді жұмыс тәртібінде шешуді ұсынамыз және білім беру ұйымдарымен жұмыс істейтін лицензиясы бар күзет ұйымдарына қойылатын қазіргі талаптарға жеке тармақ енгіздік", – деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары