Тікелей эфир

Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ардагерлер кеңесі құрылды

Қоғам және мемлекет қайраткері Жақсыбек Күлекеев Кеңес төрағасы болып сайланды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы ардагерлер кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту мен дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді қабылдау мақсатында құрылды.

Ашық дауыс беру әдісімен білім беру саласына еңбегі сіңген қызметкер, қоғам және мемлекет қайраткері Жақсыбек Күлекеев Кеңес төрағасы болып сайланды.


Оқи отырыңыз: Магистратураға білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды


"Кеңес құрамын дана ұстаздардың қатарымен толықтыру білім беру жүйесінің сапасын арттыруға көмектеседі. Біз көп жылдық тәжірибесі бар әріптестеріміздің кәсіби көмегіне сенім артамыз. Бірлескен күш-жігерімізбен балаларымыз үшін барынша жақсы жағдай жасалады деп сенемін", – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Атап өту керек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан ардагерлер кеңесі алғаш рет құрылуда. Оның құрамына білім беру саласында беделі жоғары құрметті қызметкерлер, қоғам және мемлекет қайраткерлері және т.б. енді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары