Оператор өзгермейді: Алматы автобустарында жол ақысын төлеудің екі жүйесі қолданылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қалада қоғамдық көлікте төлемнің жаңа тәсілі қолжетімді болады.

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің екі жүйесі – Onay және Avtobys қатар жұмыс істейтін болады. Қала жол қозғалысы және қоғамдық көлік басқармасы Informburo.kz-ке берген жауабында операторды ауыстыру мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді.

7 ақпанда Avtobys цифрлық төлем жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланғаны белгілі болды. Алғашқы кезеңде жүйе кейбір бағыттарда, кейін қаладағы барлық қоғамдық көлікте қолданылады.

Қоғамдық көлік басқармасының мәліметінше, мегаполисте екі жүйе бірдей жұмыс істейтін болады.

"Жолаушылардың ыңғайлылығын арттыру мақсатында әртүрлі отандық операторлардың шарттары қаралды. Нәтижесінде Алматыда екінші оператор – Avtobys енгізілетін болды, ол қоғамдық көлікте жолақыны әртүрлі тәсілмен төлеуге мүмкіндік береді. Қазір автобустарды екінші оператордың жабдықтарымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жұмыстары басталды", – делінген хабарламада.

Avtobys өз стандартты транспорт карталарын сататын нүктелер желісін қаланың әр жерінде қалыптастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз