Тікелей эфир

Оңтүстік Қазақстан педуниверситетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілмек

Сондай-ақ, Қостанайдағы Байтұрсынов атындағы ЖОО атауы түзетіледі.

ҚР Үкіметі Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беруді жоспарлап отыр. Сәйкес Үкімет қаулысының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Қаулы жобасы 6 желтоқсанда өткен Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес әзірленген.

Қаулыға қол қойылса, ЖОО Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  педагогикалық университеті деп аталады. 

Сондай-ақ, дәл осы қаулы аясында Қостанай облысындағы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің атауына түзету енгізу көзделген. Түзету Алаш көсемінің есіміне қатысты. Сәйкесінше, қаулы қабылданса, оқу орны енді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті болып аталады.

Қаулы жобасы 9 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.


Оқи отырыңыз: Шымкенттегі саз мектебіне Нұрғиса Тілендиевтің есімі беріледі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары