Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль өмір бойына сотталды

Юн Сок Ёл. Фото: YonhapNews
Юн Сок Ёл. Фото: YonhapNews
65 жастағы Юн Сок Ёльдің ісі Жоғарғы сотқа дейін жетуі мүмкін.

Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльге үкім шығарды. Сот оны "билікті асыра пайдалану" және 2024 жылғы желтоқсанда "бүлік ұйымдастыру" баптары бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін прокуратура экс-президентті өлім жазасына кесуді сұраған болатын. Сот барысында Юн Сок Ёльдің 2024 жылғы әрекеттері либералды-демократиялық конституциялық құрылымды бұзып, Ұлттық жиналыс пен Сайлау комиссиясының жұмысына нұқсан келтіргені дәлелденгені айтылды. Юн Сок Ёль өз кінәсін мойындаған жоқ.

Ол әскери жағдай енгізуді "президенттік өкілеттік" деп атап, бұл шешімді оппозицияның үкімет жұмысына кедергі келтіруімен байланыстырды.

Қазіргі уақытта экс-президент Сеул қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз