Оңтүстік Кореяда оппозициялық саясаткер президент болып сайланды

AP Photo / Kim Hong-J
AP Photo / Kim Hong-J
Ол сайлауда 49 пайыздан астам дауыс жинаған.

Оңтүстік Кореяда өткен президенттік сайлауда "Тобуро" Демократиялық партиясының атынан қатысқан Ли Чжэ Мён жеңіске жетті.

Қазіргі таңда сайлаушылардың дауысы саналып, 100% нәтижесі жарияланды. Ли Чжэ Мён 49,42% дауыс жинаса, қарсыласы Ким Мун Су — 41,15% дауысқа ие болды.

Сайлау бюллетеньдерінде тағы үш кандидаттың есімі болғанымен, олардың сайлау нәтижесіне айтарлықтай әсер ету мүмкіндігі болмады.

61 жастағы Ли Чжэ Мён алғаш рет 2017 жылы Демократиялық партия ішіндегі праймериз кезінде ел назарына іліккен еді.  2022 жылғы президенттік сайлауда ол Юн Сок Ёльге аздаған айырмашылықпен жеңіліп қалған.

"Мен сайланған президент ретінде бекітілген сәттен бастап, экономиканы жандандыруға және халықтың әл-ауқатын қалпына келтіруге бар күшімді саламын", – деді Ли Чжэ Мён.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары