Прямой эфир Новости спорта

Онлайн оқудың зардабы ондаған жылға созылуы мүмкін

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Падемия салдарынан білім сапасы төмендеді, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  "Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" форумында.

"Соңғы екі жылда біз ең құнды дүниемізді жоғалттық. Нақтырақ айтқанда, пандемия салдарынан білім сапасы төмендеді. Осы уақыт аралығында жүргізілген онлайн оқудың зардабы ондаған жылдарға созылуы мүмкін", – деді Саясат Нұрбек.

Министр бұл елдегі қылмыстыңкөбеюіне, сауаттылық және табыс деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғатынын атап өтті.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, жоғары оқу орындарында оқитын студенттер қатары қысқарған.


Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек: Диплом таратумен айналысатын университеттер жабылады


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары