Тікелей эфир

Өңірлік кадр резервіне іріктеу мерзімдері өзгерді

Заңнаманы білуге тестілеу 14, 21 және 28 сәуірде өтеді.

Бірқатар өңірде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимінің жариялануына және қатысушылар үшін туындайтын қиындықтарға байланысты Өңірлік кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңдерін өткізу мерзімдері өзгертілді. Бұл туралы Өңірлік кадр резерві сайтында жазылған. 

Кесте: Өңірлік кадр резерві сайты

Жаңа кестеге сәйкес, заңнаманы білуге тестілеуді 14, 21 және 28 сәуірде, құзыреттерді бағалауды - 5 мамырда өткізеді. Құрылымдық сұхбат 12 шілдеге, ал аймақтық кадрлар комиссиясының отырысы 16 шілдеге ауыстырылды.

Еске салайық, кадрлардың резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнама бойынша тағайындалуы мүмкін. 


Оқи отырыңыз: Өңірлік кадр резервіне өтініш қабылдау басталды. Оған кімдер қатыса алады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары