Тікелей эфир

Қазақстан өңірлеріндегі бензин мен дизель бағасы қандай?

Бекітілген баға шілдеге дейін сақталады.

Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің 6 айға арналған шекті бағасы бекітілді, деп мәлімдеді энергетика министрі Болат Ақшолақов. 

Министрдің мәліметінше, 2 ақпандағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қалдықтары 315,4 мың тоннаны құрайды. 1 қазандағы жағдаймен салыстырғанда қалдықтар көлемі 113,8 мың тоннаға артқан. Мұнымен қатар, ол 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары 180 күнге мына деңгейде белгіленгенін айтты:

  1. Аи-92 бензині – 182 теңге;
  2. Аи-93 бензині – 182 теңге;
  3. Аи-95 бензині – 215 теңге;
  4. Дизель отыны (жазғы, маусымаралық):
  • Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 260 теңге:
  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында – 230 теңге.

Оқи отырыңыз: Бидай сабанынан – биоэнергия. Ол мұнай мен газға тәуелділіктен құтқара ма?


"180 күннен кейін мұнай өнімдеріне баға белгілеу тетігіне келетін болсақ, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қосымша шаралар әзірлеп жатқанын атап өткім келеді. Олар кейінірек хабарланады. Болашақта жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін министрлік бірқатар шара әзірледі", – деді Болат Ақшолақов. 

Олар:

  • Шымкент мұнай өңдеу зауытында өңдеу қуаттарын кеңейту;
  • Мұнай өңдеу зауыттарында ұзартылған күрделі жөндеу мерзіміне көшу;
  • республикада мұнай өнімдері қорларының резервтерін құру;
  • Мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстарының және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелту мерзімдерін үйлестіру;
  • Мұнай базаларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жабдықтау.

Еске салсақ, Петропавлдың тең жартысы бес тәуліктен бері жөнді жылу ала алмай отырғаны туралы хабарлаған едік. Қалададағы жалғыз жылу электр орталығында күзден бері үш рет апат болды.

Серіктестер жаңалықтары