Прямой эфир Новости спорта

Өндіріс үздіктері мен еңбек әулеттерін анықтайтын "Еңбек жолы" республикалық байқауы басталды

Конкурсқа саласына қарамастан өндірісте жұмыс істейтін кез келген қызметкер қатыса алады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек жолы" республикалық байқауының басталғанын хабарлады. Конкурс аясында Қазақстанның үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.

Бұл конкурс өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.

Конкурс екі – өңірлік және республикалық кезеңнен тұрады. Қатысушылар үш аталым бойынша анықталады:

  • "Үздік еңбек әулеті" – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет;
  • "Өндірістің үздік жас маманы" – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері;
  • "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер.

Оқи отырыңыз: Жұмысшылардың төрттен үші үшін икемді және жайлы еңбек жағдайының болуы маңызды


Конкурсқа кез келген саладағы кәсіпорындардың барлық қызметкері қатыса алады. Жеңімпаздарды арнайы республикалық комиссия анықтайды.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары