USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Олжас Бектенов көші-қон саясатын жетілдіруге қатысты министрлерге бірнеше міндет жүктеді

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Аталғанды тапсырманы бақылау мен үйлестіру Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктелді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов еліміздің көші-қон саясатын жетілдіруге қатысты құзырлы органдарға тапсырма берді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

"Бірінші тапсырма, Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биыл 1 қазанға дейін Үкіметке Қазақстан Республикасының көші-қон және демографиялық саясаты тұжырымдамасының жобасын енгізсін. Ол әзірленіп жатқан 2030 жылға дейінгі өңірлік саясат тұжырымдамасына сәйкес болуға тиіс. Екінші тапсырма, өңірлерде қандастар мен ішкі қоныс аударушыларға барлық қажетті көмек көрсетіп, жәрдем беру керек", – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қандастар арасында елге келгенге дейін алдын ала сауалнама жүргізу құралын енгізуді тапсырды.

"Бұл қандастардың жеке және кәсіби артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Оларды еліміздің солтүстік және шығыс өңірлеріне тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту керек. Үшінші тапсырма, Ішкі істер министрлігі мен барлық мүдделі мемлекеттік орган көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік шарасын қатаңдатуды қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы, көші-қон саласындағы қауіпсіздік мәселесін күшейту қажет", – деп толықтырды Олжас Бектенов.

Аталғанды тапсырманы бақылау мен үйлестіру Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктелді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз