Тікелей эфир

Олимпиада жүлдегерлерінен Covid-19 табылды. Тоқаевпен кездесу тамыз соңына шегерілді

Президент спортшыларды бүгін қабылдайды деп жоспарланған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесуі кейінге шегерілді. Оған себеп – спортшылар мен олардың бапкерлерінен коронавирус табылған.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке орай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", – деді Берік Уәли. 

Ол президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салды. 

"Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр", – деді Берік Уәли.


Оқи отырыңыз: Қазақстан Париж Олимпиадасын 7 медальмен қорытындылады


 

Серіктестер жаңалықтары