Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен төбелесіп қалды: қылмыстық іс қозғалды

Серік Сәпиев. Фото: Informburo.kz
Серік Сәпиев. Фото: Informburo.kz
Жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қарағанды облысында Олимпиада чемпионы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сапиев пен оның орынбасары, самбодан Азия мен әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында жанжал туындап, төбелес болған.

Бұл ақпаратты Қарағанды облыстық полиция департаменті растады.

Полицияның мәліметінше, 42 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынының арызы негізінде "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінің ғимаратында екі ер адам арасында жанжал шыққаны анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", – делінген ресми мәлімдемеде.

Қазір жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салайық, Серік Сәпиев бұл лауазымға 2024 жылғы қарашада келген болатын.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз