USD: 470.1 / 473.1
  • EUR: 535.5 / 540.5
  • RUB: 5.79 / 5.91
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ұсталғаны туралы хабар тарады. Полиция не дейді

Жол апаты кезінде ешкім зардап шекпеген.

Әлеуметтік желіде 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусіновтің Астанада ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметке Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

Kozachkov offside Telegram-арнасының хабарлауынша, бір күн бұрын "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының маңында үш көліктің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болған. Дереккөздің мәліметінше, екі апатқа да кінәлі болуы мүмкін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін полиция қызметкерлері көлікті қуып жетіп, жүргізушіні ұстаған.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, мемлекеттік нөмірі 001EDM01 болатын Toyota Land Cruiser көлігін 35 жастағы Данияр Елеусінов басқарған. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушіден алкогольдік масаңдық белгілерін байқап, оны медициналық куәландыруға жібергені хабарланды.

Астана қаласының полиция департаменті Toyota Land Cruiser жүргізушісінің бірнеше автокөлікпен соқтығысып, оқиға орындарынан кетіп қалғанын растады. Алайда жүргізушінің аты-жөнін жариялаған жоқ. Департамент мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған көлік анықталып, Достық көшесінде тоқтатылған. Көлік тізгінінде алкогольдік масаңдық белгілері бар 35 жастағы ер адам болған. Жол-көлік оқиғалары салдарынан зардап шеккендер жоқ, бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілген.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ хабарламада "Заң және тәртіп" қағидаты баршаға бірдей қолданылатыны айтылған.

"Жауапкершілік адамның танымалдылығына, кәсібіне, лауазымына немесе сіңірген еңбегіне байланысты емес. Заңды бұзған және жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан әрбір адам заңда белгіленген тәртіппен жауап береді", – делінген полиция хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау