"Олимп" спорттық-сауықтыру орталығына инвестор тарту бойынша келіссөздер өтті

"Олимп" спорттық-сауықтыру орталығына инвестор тарту бойынша келіссөздер өтті
Аталған жоба өңірде бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спорт инфрақұрылымын жетілдіруге оң әсерін тигізеді.

Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл облысы, Чолпан-Ата қаласына қарасты Бостөри елді мекенінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығын дамытуға бағытталған инвестициялық келіссөздер өтті.

Кездесу барысында орталықтың қазіргі инфрақұрылымы, оны жаңғырту және кеңейту жоспарлары, қызмет түрлерін арттыру, сондай-ақ жеке инвесторларды тарту тетіктері жан-жақты талқыланды. Тараптар жобаның әлеуметтік және экономикалық маңызын атап өтіп, өзара тиімді әріптестік орнатуға дайын екендерін білдірді.

Алдағы кезеңде ұсынылған бастамалар пысықталып, нақты инвестициялық ұсыныстар әзірленетін болады.

Аталған жоба өңірде бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және спорт инфрақұрылымын жетілдіруге оң әсерін тигізеді.

"Олимп" спорттық-сауықтыру орталығының серіктесі – SportQory спортты қолдау қоры.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау