"Олар соғысты таңдаған жоқ". Динара Зәкиева Иранда балалардың қаза болуы туралы

Фото: IRNA
Фото: IRNA
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Минаб қаласындағы мектепте қаза тапқан балалардың отбасына көңіл айтты.

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ирандағы қыздар мектебіне жасалған әуе соққысы салдарынан ондаған баланың қаза тауып, көбі жарақат алуына байланысты Facebook желісінде пікір білдірді.

"Мектептер – "бейбіт аймақтар", ал білім беру мекемелеріне жасалған шабуыл халықаралық құқықтың бұзылуы. Балалар – кез келген қақтығыста ең осал топ. Олар соғысты таңдаған жоқ, саяси шешімдер қабылдамайды және ересектердің әрекеттері үшін жауапты емес. Алайда ең ауыр зардапты дәл солар шегеді. Балалар жапа шекпеуі, қорқыныш сезінбеуге тиіс", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкіл халықаралық қауымдастықты балаларды және олардың болашағын сақтау үшін диалогқа шақырды.

"Қазақстан әрдайым келіспеушіліктерді бейбіт жолмен, келіссөздер арқылы, бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік жолында реттеуді қолдап келеді. Біздің ортақ міндетіміз – балаларға тыныш әрі ашық аспан астында өмір сүру құқығын қайтару. Бейбітшілік – әрбір баланың құқығы. Минаб қаласындағы мектепте қаза тапқан балалардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз", – деді Динара Зәкиева.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз