Прямой эфир Новости спорта

Өзбекстанда "Жалаңтөс Баһадүр" тарихи фильмі жарыққа шығады

Жалаңтөс Сейітқұлұлы – қазақ батыры, Әйтеке бидің атасы.

Өзбекстанда "Жалаңтөс Баһадүр" тарихи фильмінің түсірілімі жүріп жатыр. Оның алғашқы эпизоды "Өзбекстан киносы күндері" аясында түсірілді, деп хабарлады UZA ақпарат агенттігі.

"Жалаңтөс Баһадүр" – тарихи фильм. Ол XVI ғасырда өмір сүрген өзбек және қазақ батыры, биі Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының өмірін суреттейді.

Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлдың әйгілі "Сегіз Сейітқұл" аталып кеткен сегіз ұлының бірі. 1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Бұл соғыста Бұхар және қазақ хандықтары ортақ жауға қарсы күрес жүргізу үшін одақтық келісімге келді. Хотажқұли бек Балхидың "Тарихи қыпшақтар" анықтамалығы мәліметтерінде қазақ ханы Жәңгір бұл соғысқа 100 мың адамдық әскермен қатысқаны айтылады. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырған.

Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындагы зиратқа қойылған. Батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында өмір сүреді.


Оқи отырыңыз: Қазақ ертегілерін жақсы білесіз бе? Тест


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары