Нұрымбет Сақтағанов ШҚО әкімі болып тағайындалды

Нұрымбет Сақтағанов. Фото: Informburo.kz
Нұрымбет Сақтағанов. Фото: Informburo.kz
Ол бұған дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

  • 2012-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ұлан ауданының және Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
  • 2021 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың маусым айына дейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі лауазымында еңбек етті.
  • 2022 жылдың 24 маусымынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды.

Еске салайық, облыстың бұрынғы әкімі Ермек Көшербаев 14 ақпанда азақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. 

Серіктестер жаңалықтары