USD: 487.5 / 490.1
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Informburo.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Informburo.kz
Ол Астанадағы №228 учаскесінде дауыс берді.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда өз дауысын берді.

Ол Астанадағы №228 учаскесіне келіп дауыс берді. Экс-президент журналистерге ешқандай пікір білдірген жоқ. 

Еске сала кетейік, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум бүгін, 15 наурызда өтіп жатыр. Дауыс беруге 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. Алғашқы референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де Сеул мен Токио қалаларында ашылған болатын.

Референдумда қазақстандықтарға бір ғана сұраққа жауап беру ұсынылады: "2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?"

Жауаптың екі нұсқасы бар: "Иә, келісемін"; "Жоқ, келіспеймін".

Референдумдағы дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз