Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың ұзақ жыл бойы ауырғанын айтты. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында жарияланды.
"Қымбатты отандастар! Құрметті достар! Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді. Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді", – деп жазды ол үндеуде.
Ол соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатқанын айтты.
"Маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет", – деп жазды ол.
Оқи отырыңыз: Болат Назарбаев қайтыс болды