Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған.

Нұрмұхамед Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрмұхамед Байғараев "Болашақ" бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған.

Осы уақытқа дейін бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеп, «Айқын» газетінің бас редакторы, "Егемен Қазақстан" басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарған.

Сондай-ақ, "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және "Қазақ радиолары" ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.


Оқи отырыңыз: Жаңа әкімдер тағайындалады: Мұрат Әйтенов пен Ералы Тоғжанов қызметінен кетеді.


Биыл ақпан айынан бері ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау