11 қаңтарда Шымкентте қылмыс құрбаны болған Нұрай Серікбайдың соты тікелей эфирде өтуі мүмкін. Мұндай талапты марқұмның туыстары мен олардың адвокаты қойып отыр.
"Нұрайдың ісі бойынша кезекті маңызды процессуалдық кезең өтті. Прокурор күдіктіге қатысты айыптау актісін түзіп, қылмыстық істі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады. Осылайша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, ендігі кезеңде іс сотта мәні бойынша қаралады. Жәбірленуші тараптың өкілі ретінде сот процесінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жалғастырамыз. Істің жан-жақты, толық әрі объективті қаралуы үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылданатын болады. Оған қоса, осы істің тікелей эфирде өткізілуін талап ететін боламыз", – деп жазды адвокат Аянхан Омаров.
Еске салайық, Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.
Нұрай Серікбайдың өлімі: тергеу амалдары аяқталып, материалдармен танысу кезеңі басталды
Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктінің ақыл-есі сау болып шықты