Тікелей эфир

Нұр-Сұлтанда "Жасыл мектептер" жобасы іске қосылды

Оның аясында жалпы білім беретін 20 мектепте жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлар салынады.
Жылыжай ішінің көрінісі. Фото: Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі

Елордада "Жасыл мектеп" жобасы таныстырылды, оның аясында жалпы білім беретін 20 мектепте жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлар салынады. Бүгін Нұрсұлтан қаласының әкімдігіне алғашқы жылыжай таныстырылды. Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асырып жатқан жоба эко білім беруді және табиғатқа жанашырлық танытуды дамытуға бағытталған. Ол Алматы мектептерінде жемісті іске асырылып жатыр, өткен оқу жылында жобаға қатысушылар жалпы салмағы 1,26 тонна өнім жинаған. Елордалық оқушылар бастамаға жаңа оқу жылынан бастап атсалысады.

Жоба аясында Нұрсұлтан қаласының 20 мектебінде жыл бойы жұмыс істейтін жылыжайлардың құрылысы басталды. Барлық жылыжай мырышталған болатты каркастан жасалып, жүздік поликарбонатпен қапталады.  Ылғалдылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін автоматты тамшылатып суару жүйесі жүргізіледі. Жылуды ұстап тұру үшін инфрақызыл жылытқыштар қойылады, ал қыста үй батареялары принципі бойынша жұмыс істейтін және атыздар бойымен орнатылған энергия үнемдейтін су жылыту жүйесі де қосылады. Жылуды қосып-өшіру термореттегіш пен температураны өлшеу датчиктерінің көмегімен автоматты түрде жасалады.

Жылыжай. Фото: Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі

"Біз үшін бұл болашақ ұрпақты еңбекқор әрі экологиялық сауатты етіп тәрбиелейтін маңызды әлеуметтік және  экологиялық бірлескен жоба. Елорда әкімшілігі атынан  Болат Өтемұратов қорына және  20 мектептегі жылыжай құрылысына  атсалысушыларға алғысымызды білдіреміз", – деп атап өтті Нұр-сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

"Жасыл мектептер" жобасы жыл бойы жұмыс істейтін жоба. Ол оқушылардың экологиялық проблемаларды түсініп, еңбекқор болып өсуіне зор әсерін тигізеріне сенімдімін. Әр бала өсімдіктің қалай өсетінін, оған  қандай күтім керек екенін көріп, біледі. Бұл келешекте пайдасын тигізетін  білім болары анық", – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі  Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова.

Жылыжай. Фото: Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі

Елордадағы "Жасыл мектептер" – елімізде іске асырылып жатқан екінші жоба, бұған дейін мектеп жанындағы жылыжайлардың артықшылықтарын алматылық оқушылар біліп, бағалай алды.  16 мектепте 2-3 дүркін өнім жиналып,  жалпы салмағы 1,26 тонна болатын дақылдар терілді. Ең танымал дақыл қияр болды, одан 425 кг, қызанақтан – 255 кг, тәтті бұрыштан – 113 кг және асшөптен – 166 кг жиналды. Сондай-ақ, оқушылар бүлдірген, брокколи, қызылша өсіреді, олар атыздан тура мектеп асханасына, содан кейін балалар үстеліне жіберіледі. Түскі ас кезіндегі дәмді балғын салаттар – өз еңбегінің нәтижесі екенін түсінген оқушылар жылыжайдағы сабақтан қалмауға тырысады.

"Болат Өтемұратов қоры жылыжайды салу, сондай-ақ үш жыл  бағдарламаны дамыту бойынша барлық шығындарды өздеріне алады. Бұл жоба болашақ Жасыл экономикаға бағытталған, ол үшін біз қазақстандықтардың жас буынына экологиялық білім мен тәрбие беруді қолдаймыз. Олардың жылыжайларда  өсімдіктерді өсіру бойынша тәжірибесінің болатыны маңызды. 2023 жылы мұндай жылыжайлар Шымкентте пайда болады", – деді Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.

Алмаз Шармановтың жобаның таныстырылымына қатысу сәті. Фото: Болат Өтемұратов қорының баспасөз қызметі

Болат Өтемұратов Қоры мен шақырылған сарапшылар жылыжай салумен қатар мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар әзірледі. Жылыжайлардың үйлестірушісі қызметіндегі тәжірибелі агрономдар ұсыныстардың сақталуын бақылайды.

"Жасыл мектеп" жобасы жылыжайдағы сабақтармен шектелмейді. Мәселен, Алматыда оқушылар үшін қалдықтарды сұрыптау және қайта пайдалану бойынша қосымша шеберлік дәрістері ұйымдастырылды, сондай-ақ мектептер арасында макулатура жинаудан байқау өтті.  Мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналарының атсалысуымен 14 тоннаға жуық макулатура жиналып, қайта өңдеуге берілді. Мұндай шаралар жасөспірімдерді экологиялық өмір салтына баулу, сондай-ақ жауапкершілік пен шешім қабылдау қабілеттерін дамыту үшін елордалық мектептерде де өтеді.

Серіктестер жаңалықтары