Тікелей эфир

Несиесі ұзартылған фермерлердің пайыздық мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетілуі мүмкін

2023 жылғы ауыл шаруашылығы маусымы аясында ауа райынан зардап шеккен фермерлердің қарыздарын ұзарту бойынша шаралар қабылдауда.

Қабылданған жаңалықтар қарыз алушы үшін нашарлататын жағдайлардың туындауына байланысты сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі қарызды өтеу мерзімін 10 айдан 24 айға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ауыл шаруашылыы министрлігі агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне несие беру қағидаларына өзгерістер енгізді.

"Қабылданған жаңалықтар қарыз алушы үшін нашарлататын жағдайлардың туындауына байланысты сыйақы мөлшерлемесін төлеу және (немесе) негізгі қарызды өтеу мерзімін 10 айдан 24 айға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Бұған дейін «Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру бойынша жеңілдікті бағдарлама мен ұзарту шаралары шеңберінде бюджеттік несиені қайта құрылымдау жүргізілді. Бұл бағдарлама қатысушыларына қарыздарды айыппұл санкцияларын қолданбай ұзартуға мүмкіндік берді", – деп жазылған хабарламада.

Жоғарыда көрсетілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдаудан тыс қарыздарды ұзартуды жүргізу қажет болған жағдайда бюджет қаражатын қаржы институтының меншікті не тартылған қаражатына ауыстыру жолымен ұзартуды жүргізу көзделген. Бұл ретте осындай ұзартылған қарыздар бойынша қаржыландыру мөлшерлемесі нарық жағдайында қалыптасады және 19-20% -дан асуы мүмкін.


Оқи отырыңыз: 2023 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығын дамытуда қандай жобалар жүзеге асырылды


Осыған байланысты, түпкілікті қарыз алушы – фермер үшін сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді қамтамасыз ету мақсатында Қағидаларда субсидиялау бағдарламасына нарықтық мөлшерлеме бойынша ұзартылған кредиттік келісімдердің қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Тиісінше, ауыл шаруашылығы субъектілері еңбекақы мөлшерлемесін 6 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік алады, ал айырмашылықты мемлекет төлейді.

Серіктестер жаңалықтары