Тікелей эфир

"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Смаилова алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Іс Өскеменде тергелуде. Егжей-тегжейлі ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Таңсәрі лақап атымен танымал қазақстандық белсенді Дина Смаиловаға қатысты қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

"16 қазанда Өскемен қалалық ІІБ Ертіс полиция бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінде екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасағаны үшін жауаптылық көзделген.


Оқи отырыңыз: ІІМ: Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандардың 81 пайызы жұмыссыз болған


Дина Смаилова НеМолчи.kz қорының басшысы ретінде танымал болды. Ол қорлдың мақсаты – зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесу екенін айтқан.

Серіктестер жаңалықтары