Неге Иран президенті ел астанасын Тегераннан көшіруді қайта-қайта ұсынып отыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Астанада халық санының өсуіне байланысты су тапшылығы мәселесі күшейген.

Иран президенті Масуд Пезешкиан Тегерандғы демографиялық қысым мен су тапшылығының ушығуына байланысты астананы көшіру мәселесі өте өзекті болып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Fars агенттігі хабарлады.

Масуд Пезешкианның айтуынша, астананы көшіру туралы бастама бұрын қарастырылғанымен, қажетті бюджет болмаған.

"Бүгінде бізде таңдау жоқ. Астананы көшіру – мәжбүрлі шара", – деді ол. 

Президент Тегеранның халық пен құрылыс жүктемесін көтере алмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, қаланы дамытуға мүмкіндік бар, алайда су тапшылығы проблемасын шешу мүмкін болмай отыр.

Сонымен қатар, Пезешкиан Парсы шығанағынан әр текше метр суды айдау өте қымбатқа түсетінін және мұндай шығынның ақталуы қиын екенін айтты. Сол себепті елде ресурстар мен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті сақтайтын ғылыми негізделген даму жоспарын әзірлеу қажет.

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз